+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда оқшаулау режимін бұзған 16 адамға айыппұл салынды

2021 жылғы 28 қыркүйек 21:49
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда оқшаулау режимін бұзған 16 адамға айыппұл салынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзған 16 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда абаттандыру ережесін бұзған 50 адамға айыппұл салынды БҚО-да карантин талабын бұзғандарға 32,2 млн астам теңге айыппұл салынды Маңғыстауда жер қатынастары заңын бұзғандарға 27 млн теңгеден астап айыппұл салынды

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқшаулану тәртібін елемеген 16 адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылған.

Оның ішінде Семейден - 13, Өскеменнен - 2 және Алтай қаласынан 1 адамнан анықталып отыр.

«Бүгінгі таңда өңір бойынша «Ashyq» жобасына 8566 нысан (ресми қатысушылар – 8382, сынақ режиміндегілер – 184) қатысуда. Соның нәтижесінде 10 маусым мен 26 қыркүйек аралығында «қызыл» мәртебесі бар 1476 адам, «сары» мәртебедегі 2295 адам түрлі объектілерге кіргізілмеді», - делінген хабарламада.

Осы ретте департамент мамандары үй карантиніндегі облыс тұрғындарын талапты сақтауға шақырады.

Сондай-ақ науқаспен байланыста болған азаматтар басқаларға вирус жұқтырмас үшін оқшаулау режимін қатаң ұстануы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT