Шығыс Қазақстанда «Nur Otan» партиясының тізіміне алғашқы үміткерлер анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО-да «Nur Otan» партиясының тізіміндегі үміткерлердің 30%-ы әйелдер, 20%-ы жастар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, аумақтық конференциялар партияның он бір филиалында, атап айтқанда Семей, Өскемен, Риддер қалаларында, Абай, Алтай, Аягөз, Бесқарағай, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан және Үржар аудандарында өтті. Шарада 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық қалалық және аудандық сайлауалды бағдарламалар бекітіліп, облыстық конференцияға қатысу үшін делегаттар сайланды.

«Конференцияны өткізу аясында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының партиялық тізіміне праймеризге қатысушы кандидаттар арасында жария дебаттар өтті. Көпшілік пікірсайыстар барысында кандидаттар қаланың, ауданның, жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламаларды ұсынды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Праймериз» ақпараттық жүйесінде жасырын, электрондық дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталған. Олардың арасында шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар.


Соңғы жаңалықтар