Шығыс Қазақстанда мұз жару жұмыстары жүргізілді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басуын болдырмау мақсатында алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.

Оның бірі – мұз жару жұмыстары.

ТЖД қызметкерлері мен арнайы мамандар мұз кептелмей, өзендердегі су арнадан кедергісіз өту үшін жарылыс жасайды.

4 сәуірде бұл іс-шара Бесқарағай ауданында өткізілді.

Кривинка және Жетіжар ауылдарындағы Ертіс өзенінің төменгі ағысында жалпы аумағы 35 640 шаршы метр мұз жарылды.

«Мұз кептелген жағдайда өзендерде су деңгейі күрт көтеріледі. Бұл үлкен аумақтарды су басуына әкеліп соғады. Сондықтан су тасқыны қаупі бар аудандарда мұзды ұсақтау жұмыстары уақтылы жүргізілуі шарт», - деп түсіндірді департамент мамандары.



Соңғы жаңалықтар