Шығыс Қазақстанда мұз жару жұмыстары жүргізілді
2022 жылғы 16 наурыз 20:24

Шығыс Қазақстанда мұз жару жұмыстары жүргізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мұз жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс өзендерінде мұзды ұсақтау шаралары жалғасып жатыр.

Бүгін Малеевка және Тұрғысын кенттерінің маңындағы Бұқтырма өзенінде мұз жарылды. Су тасқыны қаупі бар осы учаскелер жыл сайын ТЖ қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың назарында.

Мұнда мұз қалыңдығы 51-ден 90 сантиметр дейінгі аралықта.

«Жарылыс жұмыстары мұз кептелісін болдырмауға бағытталған. Бұл көктемгі су тасқынының алдын алуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта осындай шаралар жалғасын табады», - деді департаменттің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Алексей Штыкель.

Қазіргі уақытта барлығы 18 су тасқыны қаупі бар учаскелердің 10-ы пысықталған.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT