Шығыс Қазақстанда мұз өткелінен өтуге тыйым салынды

None
None
КҮРШІМ АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Қызыл ту» мұз өткелінде қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы облыс тұрғындарына ауа температурасының көтеріліп, қар мен мұздың толассыз еруіне байланысты 20 наурыздан бастап «Қызыл ту» мұз өткелі арқылы қозғалыстың жабылғанын хабарлайды. Тыйым салынған жол белгілері талаптарын орындау қажет және мұз өткелі арқылы көлік құралдары жүрмеуі тиіс», - деп атап өтті ведомствода.

Паром өткелі ашылғанға дейін көлік құралдары Күршім ауданынан облыс орталығына автомобиль жолымен бара алады: Күршім - Үлкен Нарын – Алтай – Өскемен және Күршім – Зайсан – Өскемен.


Соңғы жаңалықтар