Шығыс Қазақстанда мұз астына кеткен қыздың денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасына батып кеткен қыздың денесі табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында, Алғабас ауылынан 10 шақырым жерде Бұқтырма су қоймасының Аққұдық учаскесінде жарылған мұз астына кеткен 5 жасар қызды іздеу жұмыстары жүргізілген. Таңертеңгі 07:30-да басталған жұмысқа Төтенше жағдайлар комитетінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылған.

«Сағат 09:30-да құтқарушылар қыздың мүрдесін судан алып шықты. Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні шамамен 21:00-де орын алған. Ваз-2109 рұқсат етілмеген жермен келе жатқанда мұз ойылып, көлік су астына кеткен. Автомобильде ерлі-зайыптылармен бірге, олардың үш баласы болған. Төрт адам өз беттерінше мұз бетіне шығып, аман қалды, ал қыз суға батып кеткен»,- деді Нұрсұлтан Нұрхаметов.

Соңғы жаңалықтар