Шығыс Қазақстанда менингитке жыл басынан 4 бала шалдықты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жыл ішінде Шығыс Қазақстанда менингококк жұқпасының өршуі байқалмаған. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов ҚазАқпарат тілшісіне  аталмыш ауру бойынша өңірдегі ахуал туралы айтып берді.

«2016 жылы 6  ауру жағдайы тіркелсе, 2017 жылы 7 жағдай анықталды. Оны жұқтырғандардың көбі 14 жасқа дейінгі балалар. Аурушаңдық әсіресе Семей (4 жағдай), Өскемен (2 жағдай) қалалары мен Зырян ауданында (1 жағдай)  байқалды. Жұқпаға тап болғандар арасында 2-6 жас аралығында балалардың үлесі 85,7 пайыз» - дейді Ғазез Сүлейменов.

Былтырғы 7 жағдайдың үшеуі адам өлімімен аяқталған.

Ал биыл алғашқы бес айда 4 жағдай тіркеліпген. Оның үшеуі Семейде, біреуі Зырын ауданында тұратын балалар. Барлығына жұқпаның асқынған түрі «менингококцемия» диагнозы қойылып, емделіп шыққан. Науқас балалармен қатынаста болған 89 адам зертханалық тексеруден өтіп, аурудан ада екені нақтыланған.

«Қазір бүкіл облыс бойынша аурушаңдыққа күнделікті мониторинг жүргізілуде. Жұқпа қоздырғыштарын тасымалдаушыларды анықтау үшін 193 адам тексерілді, нәтижесі теріс. Адамдар көп жиналатын сауда орындары мен спорттық секцияларда, кинотеатрлар мен көңіл көтеру орындарында, мешіттерде менингиттің алдын алу туралы жадынамалар таратылып жатыр» - дейді департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар