Шығыс Қазақстанда мектеп бітірген 281 түлек «Алтын белгіге» үміткер

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында мектеп бітірген 281 түлек «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін облыстағы 342 мектепте соңғы қоңырау соғылды.

Білім ордаларында барлығы 96 383 бала оқыды.

Оның ішінде 9-сынып түлектері – 8 793, 11-сынып түлектері – 3810. 4 066 оқушы колледжге түсуді жоспарлап отыр. ҰБТ тапсыруға түлектердің 83% қатысады.

281 түлек «Алтын белгіге», 378-і үздік аттестатқа үміткер.

«Мектептерде 9 және 11 сыныптарға арналған мемлекеттік емтихандар дәстүрлі форматта өтеді. Қазіргі уақытта емтихан тапсырмалары әзірленуде. «Алтын белгіге» үміткерлер құжаттарының талапқа сәйкестігін арнайы комиссия тексеріп шықты. Емтихан өтетін орындар бақылауда», - делінген ақпаратта.

Облыс бойынша 41 колледж жұмыс істейді. Онда 17727 студент оқиды.

Осы жылы 101 мамандық бойынша 4 455 адам диплом алады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар