Шығыс Қазақстанда мал ұрлығы 26,8 пайызға азайды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір жылда мал ұрлығы 23,5 пайызға азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайлы халық алдында есеп берген ШҚО полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков мәлімдеді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерінің қылмыстық істерді ашу көрсеткіші 55,2%-ды құрады.

Ал ауыр қылмыстар бойынша – 72,5%, аса ауыр қылмыстың ашылуы – 93,8%. Мал ұрлығының алдын алуға көп көңіл бөлінді.

Профилактикалық шаралардың нәтижесінде, қылмыстың бұл түрі 26,8%-ға төмендеді.

Оның айтуынша, мал ұрлығы әсіресе ауылдарда кең тараған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан 12 топтың жолы кесілді.

Мал иелеріне жалпы сомасы 124 млн теңгеге бағаланған 569 бас мал қайтарылған.

«Полиция қызметіндегі маңызды бағыт - нашақорлыққа қарсы күрес. Былтыр 208 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан барлығы 722 келі түрлі есірткі тәркіленді. Бұл 2020 жылға қарағанда үш есе артық. Сондай-ақ есірткі контрабандасының 3 фактісі және ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 2 фактісі анықталған», - деді Серік Жүнісбеков.



Соңғы жаңалықтар