Шығыс Қазақстанда құтқарушылар жоғалған тікұшақты іздеп жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жоғалған тікұшақты іздеп жүр, деп хабарлайдың өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жеке адамға тиесілі С-341 тікұшағы Үржар ауданы Қожа ауылынан ұшып шыққан және жанармай толтыру үшін Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы тиіс еді. Куәгерлер оның Айғыз ауылының үстінен ұшып өткенін көрген. Алайда тікұшақ Аягөз ауданына сол күйі жетпеген.  Сағат 18:30-да ұшқыш байланысқа шықпады. Айғыз және Ақшатау ауылдарының арасы шамамен 100 шақырым.

Оны іздестіруге жол талғамайтын техникамен Үржар және Аягөз аудандарының ТЖ бөлімінің қызметкерлері шықты. Құтқарушылар Әбуталы қыстағына қарай бет алды. Өскеменнен ШААЖҚЖ құтқарушылары көмекке келді.

Бүгін таңертең, облыс орталығынан бортында құтқарушылар тобы және ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар МИ-8, Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы ұшып шықты.  ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды.

Іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД жеке құрамынан және аудандық ІІБ 29 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Жерігілікті атқару органынан 10 адам және 5 техника шықты.

Жоғалған тікұшақ бортында үш адам бар: 2 жолаушы және ұшқыш. 

Соңғы жаңалықтар