Шығыс Қазақстанда ҚР АШМ инспекторларына шабуыл жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында браконьерлер мемлекеттік инспекторларға шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне сілтеме жасап.

Балықтардың уылдырық шашуы кезінде инспекторлар жоспарлы рейд жүргізген.

«23 сәуірде кешкі сағат 18.30-дар шамасында Көкпекті орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің мемлекеттік инспекторлары балықтардың уылдырық шашу кезінде Шығыс Қазақстан облысы, Жайсан көлінің Базарка аумағында рейд жүргізген. Рейд барысында бөлімнің екі инспекторына Тассай ауылының тұрғындары тарапынан шабуыл жасалды», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желіде.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, 5 қайықтағы 10 адам инспекторларға күш көрсетіп, балағаттап, ескектермен қайықты ұрып-соғып, аударып жібермек болған.

Аталған факті бойынша Көкпекті аудандық полиция бөліміне арыз жолданды.

Соңғы жаңалықтар