Шығыс Қазақстанда коронавиустың өршуіне не себеп

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, облыс коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы бойынша «қызыл аймаққа» кіреді. 17 қарашада бір тәулік ішінде қауіпті дертке шалдыққан 230 адам тіркелді.

«Көпшілік арасында «Аймақта жұқпалы аурудың осыншама тез тарауына не себеп?» деген сұрақ туындауда. Негізінен осындай ахуал күтілген. Себебі Шығыс Қазақстанда коронавирустың бірінші толқынында эпидемиологиялық жағдай бақылауда болды. Ал қазір инфекция халық арасында жаппай таралып жатыр», - деді Талғат Тұңғышбаев.

Оның айтуынша, бірінші кезекте өңірдің климатын, географиялық орнын ескеру керек. COVID-2019 инфекциясы тұмау сияқты, дәл осы кезеңде тез тарала бастайды.

«Екіншіден, Шығыс Қазақстанда індеттің өршуіне облыс тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеуді сақтамауы себеп болды. Үшіншіден, халықтың белсенді көші-қоны. Осы ретте айта кету керек, көрші мемлекеттердің шекаралас аймақтарында вирус жұқтырғардардың күрт өсуі байқалады», - деді департамент басшысының міндетін атқарушы.



Соңғы жаңалықтар