Шығыс Қазақстанда коронавирустың «омикрон» штамы тіркелген жоқ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың «омикрон» штамы тіркелген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың басынан бері өңір бойынша коронавирусқа 9247 адам шалдыққан. Оның ішінде 1254-і 14 жасқа дейінгі балалар. Науқастардың ең жасы бір айлық нәресте болса, ең егде тартқаны 94 жаста.

«COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында тіркелген. Ал «омикрон» штамына шалдыққандар болған жоқ. Наурыз айынан бері вирустың таралу қарқыны бәсеңдеді. Себебі вакцинация мен ревакцинация нәтижесінде халықтың иммунитеті жоғарылады», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, бүгінгі таңда иммундауға жататын жұрттың 100 пайызы екпенің бірінші және екінші компоненттерін алған.


Соңғы жаңалықтар