Шығыс Қазақстанда коронавирустың екінші толқынына дайындық қалай жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы ауруханаларда жұқпалы індеттің екінші толқынына дайындалу мақсатында 7069 төсек-орын дайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Ауруханаларда 7069 орын дайындалып, 10 санды рентген аппарат, 158 ӨЖЖ аппараты және 1066 оттегі концентраторлары сатып алынған.

«7069 төсек-орынның 2038-і инфекциялық, ал 2872-і провизорлық бөлімшелерге қойылған. Сонымен қатар карантиндік аймаққа 2159 төсек орналастырылады. Қыркүйек айында жұқпалы аурулар орталығы бұрынғы медициналық жедел жәрдем ауруханасының ғимаратында жұмысын бастады. Ондағы барлық төсек-орындар орталықтандырылған оттегі жүйесінің стационарларымен қамтамасыз етілген», - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Өңірде тұмау және ЖРВИ маусымына орай 88 359 вакцина сатып алынып, тағы 160 000 вакцина алу жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айынан бері аймақта жалпы саны 60 455 адам тұмау және ЖРВИ ауруларына шалдыққан. Негізгі өсім осы жылдың қаңтар және ақпан айларында тіркелді. Биыл сатып алынған вакцина көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артып отыр.


Соңғы жаңалықтар