+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 4 есеге азайды

2021 жылғы 6 тамыз 00:50
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 4 есеге азайды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл коронавирустан көз жұмғандар саны өткен жылмен салыстырғанда біршама азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстік Қазақстанда соңғы үш айда коронавирустан 225 адам қайтыс болған ШҚО-да 2022 жылы майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынады СҚО-да 134 мың зейнеткердің 18 пайызы ғана коронавирус екпесін алған

Өңір бойынша жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 4 есеге азайған. Бұл жайлы ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз брифингі барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков мәлім етті.

«Коронавирус пандемиясы басталғалы бері облыста 34 729 науқас тіркелген. Қауіпті дерттен көз жұмғандар саны былтыр 300 адамды құрады. Ал биыл қайғылы жағдайлар азайған. Нақты айтқанда, жыл басынан бері вирустан 72 адам қайтыс болды», - деді ол.

Ермек Омарбековтың айтуынша, қазір өңірде коронавирустың «дельта» штаммы таралып жатыр. Ол бұрынғы штаммдарға қарағанда қауіптірек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT