+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

2021 жылғы 13 қазан 17:32
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 177 науқастың жағдайы өте ауыр Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 7 адам қайтыс болды Матрица: 2 мегаполис пен 4 облыс «қызыл» аймақта тұр

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен коронавирусқа байланысты ахуал бойынша кезекті кеңес өткізді.

Әкімнің айтуынша, көрші елдерде науқастардың саны артып, өлім-жітім деңгейі өскен. Алайда облыста қауіпті дертке шалдыққандар саны күн сайын азайып келеді.

«Соңғы тәулікте Шығыс Қазақстанда вирус жұқтырған тұрғындар саны жүзден аз болды. Бұл індетке қарсы күресте бар күш-жігерін салып жатқан дәрігерлер мен жауапты мамандар жұмысының арқасы. Егер жағдай осы қалыптан таймай, ары қарай реттелсе, өңір «жасыл аймаққа» өтуі мүмкін», - деді ол.

Өз сөзінде Даниал Ахметов вакцинаның коронавирустан құтылудың жалғыз тиімді жолы екендігін еске салып, қала, аудандарда осы бағытта жұмысты күшейту керектігін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT