Шығыс Қазақстанда көлік мұз астына түсіп кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Көкпекті ауданының аумағында болған.

«Тойота» көлігі Ертісте мұз астына құлап кетті. 53 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны бірден полицейлерге хабарласып, көмек сұраған.

«Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл келіп жетті. Олар көлікті мұздан алып шықты. Жүргізуші еш жарақат алған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО құтқарушыларының мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін 1694 рет рейдке шыққанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар