Шығыс Қазақстанда көлдің арғы бетіне жүзіп жетпек болған жас жігіт суға кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 1 тамыз күні бір топ жастар Бородулихо ауданындағы Жерновское көліне шомылуға барған. Оның ішінен бірнеше жігіт көлді кесіп өтіп, арғы бетіне дейін жүзіп бармақ болған. Бір жігіт басқалардың соңында қалып қойып, суға батып кеткен.

«Жігіттер оны байқағаннан кейін бірден полиция мен құтқарушыларды шақырған. Сосын өздері көл астынан жігіттің денесін іздеп тауып, жағаға шығарған және сосын полицейлерге тапсырған. Осы күні өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері осы маңда патруль жүргізген болатын, алайда олар аралаған кезде мұнда ешкім болмаған» деп түсіндірді департаменттен.

Сондай-ақ, Семей қаласының жедел құтқару жасағы беймәлім жағдайда Ертіс өзеніне батып кеткен 1986 жылғы ер адамның денесін 4 тәуліктен бері таба алмай жатқан болатын. Осы күні марқұмның мәйіті жағаға шығарылды.

«Жігіттің денесін қайғылы оқиға болған жерден 30 шақырым қашықтықтан балықшылар тауып алды» деп мәлім етті ТЖД.

Еске сала кетейік, шомылу маусымы басталғалы бері Шығыс Қазақстан облысында 28 адам суға кеткен. Оның сегізі - балалар.


Соңғы жаңалықтар