Шығыс Қазақстанда қоқыс өңдейтін екі зауыт салынбақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қоқыс өңдейтін екі зауыт салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, жуықта өңірде қоқысты қайта өңдейтін екі зауыт ашылады. Ондағы арнайы техникаларды жергілікті өндірушілер шығармақ.

«Еуропа қайта құру және даму банкімен Өскемен және Семей қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттар ашу туралы келіссөздер жүргізген едік. Енді бұл үшін бізге арнайы техникалар қажет. Осы ретте «СемАЗ» зауытының басшылығы қытайлық серіктестермен бірге жұмыс істеп, осындай техникалар дайындауда. Техникалар жақын арада дайын болады. Отандық техникалар шетелдікінен кем болмайтынына сенемін», - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, осылайша қоқысты қайта өңдейтін зауыттар қажетті техникамен толықтай қамтамасыз етіледі.


Соңғы жаңалықтар