+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда көктайғақ: Күре жолда көлік қозғалысы шектелді

2021 жылғы 25 қараша 18:32
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда көктайғақ: Күре жолда көлік қозғалысы шектелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты тасжолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да көктайғақтан жеңіл көлік аударылып, бір адам зардап шекті Атырау облысында жаңа айналма жол ашылды Елорда әкімі Мәңгілік ел даңғылындағы көлік жүктемесін азайту жолдарын атады

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қараша күні сағат 16:30-дан бастап ауа райының нашарлауына (жаңбыр мен көктайғақ) байланысты «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында көлік қозғалысы шектелді. Бұл Белоусовка кенті мен Риддер қаласы арасындағы жол.

«Аталған учаскеде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласуға болады», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT