Шығыс Қазақстанда қазан айына дейін 747 мың адам вакцина алады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қазан айына дейін 747 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Эльмира Рахымбаеваның айтуынша, бүгінгі таңда өңір бойынша 420 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алған.

Ал екінші компонент 288 мың адамға егілді.

«Вакцинациялау процесі жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Осы айда тағы 145 мың вакцина жеткізу жоспарланған. Облыста «Спутник V» вакцинасы бар. Тұрғындар кейбір ауруханалардан «CoronaVac» вакцинасын ала алады. Сондай-ақ отандық «QazVac» вакцинасының 10 мың дозасының жеткізілуін күтіп отырмыз», - деді Эльмира Рахымбаева.

Оның айтуынша, аймақ бойынша 300 екпе пункті жұмыс істейді. Қазан айына дейін облыстағы 747 мың адам вакцина алады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар