Шығыс Қазақстанда карантин талабын сақтамайтындар әлі де тыйылмай тұр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шараларын бұзғандарға айыппұл салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде арнайы құрылған мониторингілік топтар карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін қоғамдық көліктерде, дүкендерде, дәріханалар мен басқа да мекемелерде күн сайын рейд жүргізуде.

6 сәуір күні Семейде 316 нысан тексерілген. Нәтижесінде карантин талабын бұзудың 4 фактісі анықталды. Сондай-ақ бұрын тіркелген бұзушылықтар бойынша 350 040 теңге мөлшерінде 8 айыппұл өндіріліп, 393 795 теңге сомасына 9 хаттама толтырылған», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.

Курчатов қаласында тексеру барысында 26 нысан қамтылған. Шектеу шараларын бұзған 1 адам тіркелді. Шемонаиха ауданында мониторингілік топтар 71 нысанды аралап, маска режимін бұзудың 3 фактісін анықтады.

Сондай-ақ Глубокое ауданында 114 нысанға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, маска режимін бұзудың 1 фактісі тіркелген.


Соңғы жаңалықтар