+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда карантин шаралары 8 желтоқсанға дейін ұзартылды

2020 жылғы 24 қараша 14:56
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда карантин шаралары 8 желтоқсанға дейін ұзартылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 8 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Қостанай облысында шектеу шаралары қайта күшейді Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды Коронавирустың өршуі: Алматыда санитарлық шаралар күшейтілді

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің «облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының алдын алу бойынша шектеу шараларын күшейту туралы» 2020 жылғы 10 қарашадағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 8 желтоқсанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимараттан тыс жерде азық-түлік сататын орындардың аптаның барлық күнінде сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Ал азық-түліктен басқа тауар сататын сауда нысандары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-18.00 аралығында ашық болады. Олардың демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері жұмыс істеуіне тыйым салынған», - делінген қаулыда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT