Шығыс Қазақстанда карантин 17 тамызға дейін ұзартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді. Тиісті қаулыға ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Исмаилов қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыста карантин 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00.00-ден 2020 жылғы 17 тамыз сағат 00.00-ге дейін ұзартылды.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан қалаларында ертеңнен бастап карантин шаралары күшейтілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар