Шығыс Қазақстанда қар құрсауында қалған 10 балықшы құтқарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының құтқарушылары қар құрсауында қалған 10 балықшыны эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, дауылды ескерту жарияланғанына қарамастан Ұлан ауданындағы балықшылар 3 көлікке мініп, Каменская су қоймасына бет алған.

Сөйтіп олар қар құрсауында қалып қойды.

«Оқиға орнына құтқарушылар арнайы техникамен келіп жетті. 10 адам эвакуацияланып, үш көлік жолдың қауіпсіз бөлігіне жеткізілген. Азаматтарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.

Егер жолда қиын жағдайға тап болсаңыз, дереу «112» нөміріне хабарласу қажет.


Соңғы жаңалықтар