Шығыс Қазақстанда қар көшкініне байланысты жол жабылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 12:00-ден бастап Өскемен - Таулы Үлбі - Солтүстік автомобиль жолында қарды алдын ала көшіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Автомобиль жолының 30-37 километрлері арасындағы учаскеде қар көшірілетіндіктен, жол уақытша жабылды», - деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Соңғы екі күнде өңірдегі бес учаскеде алдын ала қарды көшіру жұмыстары жүргізілген.

Облыстағы таулы аймақтарда қыс басталғалы бері 25 рет қар көшірілгеніне қарамастан, көшкін қаупі сақталып отыр.

Авторы: Людмила Малько

Соңғы жаңалықтар