+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

2021 жылғы 26 қараша 11:30
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы тұрғындарына көктайғаққа байланысты ескерту жасалды Сенбідегі ауа райы: Тұман, көктайғақ, күшті жел ШҚО-да екінші ауысымдағы оқушылар мектепте бармайды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі жаңбыр мен қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүру қаупі туындап отыр.

«26-30 қараша аралығында облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы 20 тасжол учаскесінде қар көшкіні қаупі жоғары екендігін хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT