
2022 жылғы 16 наурыз 14:05
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 наурызда сағат 08:40-та Катонқарағай ауданында қар көшкіні жүрді. Қардың жалпы көлемі 2500 текше мертрді құрады.
«Қар республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары» тасжолының 436 шақырымын жауып тастады. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Жолды тазарту жұмыстарын «Қазақавтожол» ЖШС қызметкерлері жүргізді», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, көшкін жүру қаупі бар кезең басталғалы бері құтқарушылар 65 рет жасанды жолмен қар көшкінін түсірді.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP