Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді
2022 жылғы 16 ақпан 11:17

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Алтай-Малеевск-Путинцево» жолында екі рет көшкін жүрді. 250 және 300 текше метр қар көшкіні жолды толықтай жауып қалған.

«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Қазіргі уақытта жол қардан толықтай тазартылып, көлік қозғалысы қамтамасыз етілді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік , бұған дейін Шығыс Қазақстанда 17 ақпанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар екендігі хабарланған.


Jańalyqtar

MURAǴAT