Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі бар кезең басталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көшкін жүру қаупі бар 497 учаске тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар кезең басталды.

Бұл кезең жылдағы дәстүр бойынша сәуір айына дейін жалғасады.

«Облыс аумағында көшкін жүру қаупі бар 497 учаске тіркелген. 325 учаскеде 71 нысанды қар басу қаупі жоғары. Оның ішінде 44 тұрғын үй бар. Сондай-ақ 93 шақырым көлік жолы, (15 шақырымы - республикалық маңызы бар, 78 шақырымы - облыстық маңызы бар жолдар) қар астында қалуы мүмкін. Ең қауіпті бағыттар «Өскемен-Самар» тасжолының 95-102,132-137 шақырымдары, «Өскемен-Таулы Үлбі» тасжолының 30-37 шақырымы, «Өскемен-Солтүстік-Серебрянск» тасжолының 58-65 шақырымы», - делінген ақпаратта.

5 демалыс базасы көшкін қаупі бар учаскеде орналасқан. Оның екеуі – Риддер қаласында, үшеуі – Таулы Үлбі ауылында.

«2022 жылдың жазында Алтай және Катонқарағай аудандарында қар ұстайтын 70 қалқан жөнделіп, қалпына келтірілді. 20 учаскеде «Абайлаңыз, көшкін қаупі бар» деп жазылған 40 ескерту белгісі орнатылды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар