Шығыс Қазақстанда іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды
2022 жылғы 16 ақпан 00:38

Шығыс Қазақстанда іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полицейлер іздеуде жүрген 11 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 19 қаңтардан бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасын жүргізуде.

Сол уақыттан бері 807 қылмыс тіркеліп, оның 537-і ашылды. Іздеуде жүрген 11 қылмыскер ұсталды.

Сондай-ақ бұрын жасалған 185 іс ашылған. Заңсыз сақталған 31 қару тәркіленді.

«Мәселен, Өскемен тұрғынының гаражын тінту кезінде 2007 жылы шығарылған «Ноган» револьвері табылды. Қысқа ұңғылы жеті рет оқталатын қару атуға жарамды. 69 жастағы зейнеткерге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіне (атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар полицейлер 11 048 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.

Мас күйде көлік жүргізген 153 адам жауапқа тартылды.

Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT