22:06, 25 Қаңтар 2023 | GMT +6
Шығыс Қазақстанда із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша із-түссіз жоғалып кеткендер тізімінде 50 адам тұр.
Оның ішінде Өскемен қаласында – 20 адам.
«Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Күн сайын тәртіп сақшыларына жедел деректер беріліп отырады. Жоғалып кеткендер арасында кәмелеттік жасқа толмағандар жоқ», - делінген ақпаратта.
Өткен жылы өңір бойынша із-түзсіз жоғалған 156 азамат іздестіріліп, 106-сы табылған.
Оның ішінде 91 адам аман-есен, ал 15-інің мәйіті табылды.
Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да 6 ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылғаны хабарланған.