Шығыс Қазақстанда иіс тиген ер адам көз жұмды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында иіс тиген ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына Мира көшесіндегі үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Марқұмның денесін туыстары тауып алған.

«Оқиға орнына Глубокое аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп жетті. Олар үй ішінде газ анализаторын қолданып, тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде, бөлмелерде көмірқышқыл газы бар екендігі белгілі болды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамның иіс тиіп қайтыс болғаны анықталды.

Осыған дейін ШҚО-да бір жылда 204 адам өндірістік жарақат алғанын хабарладық.



Соңғы жаңалықтар