Шығыс Қазақстанда ХҚО-лар тұрғындарды Ashyq қосымшасы арқылы қабылдайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары Ashyq жобасы арқылы жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 14 маусымнан бастап ХҚО-лар келушілерді Ashyq қосымшасы арқылы қабылдап жатыр.

Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар шығысқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады.

«Ashyq қосымшасы бойынша барлық қала, ауданда ХҚО-ға кіруге болады. Әрбір фронт-кеңсеге сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілген. QR кодтар ғимаратқа кіреберісте ілінеді. Бұл ретте, кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз», - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚОФ баспасөз қызметі.

Егер келушіде аталған қосымша болмаса, жақында Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана алады.

Осы қосымшалар болмаса да, мәртебені ХҚО қызметкерлері ЖСН бойынша анықтайды.


Соңғы жаңалықтар