Шығыс Қазақстанда ХҚО-лар 5 күндік жұмыс кестесіне көшті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгіннен бастап өңірдегі ХҚКО-лар бес күндік жұмыс кестесіне көшті.

Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар шығысқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз ала алады.

«Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келушілерді қабылдайды. Ал сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады. Сондай-ақ қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін Өскемен және Семей шаһарларында дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін бір кезекші бөлім жұмыс істейді. Кезекші бөлімдердің мекенжайлары: Өскемен қаласы Белинский көшесі, 37а және Семей қаласы Б.Момышұлы көшесі, 22», - делінген ақпаратта.

Осы ретте «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚОФ өңір жұртшылығынан халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде санитарлық талаптарды бұзбауды, маска тағуды және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар