Шығыс Қазақстанда грузиялық дәрігерлер шеберлік сағатын өткізіп жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - ШҚО педиатрлары мен акушер-гинекологтары науқастарды жаңа халықаралық стандарттарға сәйкес емдейді. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Шығысқазақстандық «Ана мен бала» орталығының дәрігерлерін Грузияның акушер-гинекологтары оқытуда.

2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстандағы медициналық ұйымдар шетелдік жетекші клиникалармен және орталықтармен ынтымақтастықты арттыруда. Бұл жолы «Ана мен бала» орталығына Грузияның «Gagua Clinic», «Kuzanov Clinic» клиникаларының дәрігерлері келді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Марат Шорановтың айтуынша, Грузия ана мен бала өлімін төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген.

«Біз ТМД-ның барлық елдерімен тығыз жұмыс істейміз. Талдау кезінде Грузияда акушерлік-гинекологиялық профиль өте жақсы дамып жатқанын білдік. Олардан үйренетін нәрсе көп. Сондай-ақ, трансплантологтарымызды Беларусь еліне жіберген кезде, Кеңес заманынан бергі трансплантологияның негізгі мектебі сол елдің аумағында болғанын білдік»,-дейді Марат Шоранов.

Грузин дәрігерлері шеберлік сабағы барысында балалар арасында жиі кездесетін ауруларды талқылады. Осылайша, педиатрлар диагноз қою, ауырсынуды бағалау, риносинуситтің емдеу, тыныс жолдарының инфекциясы, сондай-ақ иррационалды антибиотикалық терапия бойынша жаңа ұсыныстарды талқылады. Шеберлік сабағынан кейін «Ана мен бала» орталығының қызметкерлері емдеу кезінде халықаралық ұсыныстарға сүйенетін болады.

Сондай-ақ, «Әулие Иоаким мен Анна» және «Ана мен бала» орталығы арасында стратегиялық әріптестік туралы меморандум жасалды. Оның шеңберінде білім бағдарламалары, тәжірибе алмасу, ғылыми жобалар мен іс-шараларға қатысу ұйымдастырылады.

Айта кетейік, «Ана мен бала» орталығы жақын арада медициналық қызмет көрсетудің 4-ші деңгейіне көшеді. Балалар нейрохирургиясы және кардиохирургия қызметі, офтальмология және оңалту қызметтері көрсетіледі. Соңғы екі жылда 3,5 млрд теңгенің құрал-жабдығы сатып алынған. Биыл бұл мақсатта қосымша 1 млрд теңге бөлінеді. Және орталық дәрігерлері Лондонға барып біліктілік арттырып келген.

Соңғы жаңалықтар