Шығыс Қазақстанда еріктілер «Ардагер time» акциясын өткізді

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еріктілер «Ардагер time» акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бесқарағай аудандық жастар ресурстық орталығының мәліметіне сүйенсек, «Ардагер time» акциясының мақсаты – ардагерлер мен жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмек көрсету және жастарды отансүйгіштікке баулу.

«Мұндай іс-шаралар жоспарлы түрде ғана емес, үнемі өткізіліп келеді. Көмекке мұқтаж қарт адамдарды анықтап, оларға қолұшын созамыз. Осы арқылы халқымыздың асыл құндылықтарын дәріптеп, үлкендерге құрмет көрсетіп, өскелең ұрпақты мейірімділікке шақырғымыз келеді. Аудан волонтерлері мен жастары игі шараларға белсенді қатысып жатыр», - делінген ақпаратта.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізілген «Ардагер time» акциясы барысында Жастар ресурстық орталығы жанындағы «Мейірімді жүрек» еріктілері Бесқарағай ауылындағы қарт адамдардың үйіне барып, қажетті көмек көрсетті.

Нақты айтқанда, үй шаруаларымен айналысып, ауланы қоқыстан тазартты.


Соңғы жаңалықтар