Шығыс Қазақстанда екі жігіт тауда адасып кеткен

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тауда адасқан екі жігіт іздестірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, 3 қазан күні сағат 18.30-да жергілікті ЖШС-ның бірінің диспетчерінен Громотуха өзені аумағында екі ер адамның адасып кеткендігі жайлы хабар түскен. Бірден сол жаққа құтқарушылар мен полиция қызметкерлері аттанды.

«Бұл аумақ қаладан 13 шақырым қашықтықтағы таулы-орманды жер болып шықты. 18 жастағы жігіттер күзгі орманның сұлулығын тамашалау үшін тауға шығып, адасып қалған. Қас қарайып кеткендіктен оларды табу қиынға соқты. Алайда бұған қарамастан іздестіру жұмыстары үзбей жүргізіліп, жігіттер 2 шақырымдай жердегі Громотуха өзенінің сол жағалауынан табылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ер адамдар полиция қызметкерлеріне жеткізілді. Олар медициналық көмекті қажет еткен жоқ.

Соңынан анықталғандай, олар таңертең сағат 9-да табиғат аясында жаяу серуендеуге шыққан. Алайда алакеуім тартқан шақта қайтар жолды таба алмай таба алмай қалды.

Осы ретте, құтқарушылар тауға шыққан кезде қауіпсіздікті басты назарда ұстап, өзіңмен бірге қол шамын, алғашқы көмек қобдишасын, тамақ пен жылы киім алып шығу керектігін еске салады.


Соңғы жаңалықтар