Шығыс Қазақстанда екі жедел жәрдем машинасы қар құрсауында қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Знаменка ауылында газдан уланған отбасыны құтқарушы дәрігерлер қар құрсауында қалды. Екі жедел жәрдем машинасының жолын күртік қар кесті. Оларға Семей қалалық ЖБ-45 мамандары арнайы техниканы қолдану арқылы көмекке келді. Олар дер кезінде 2 жедел жәрдем машинасына көмек көрсетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

7, 9 және 13 жастағы үш баласы бар ерлі-зайыптыны Семей қалалық ауруханасының дәрігерлері тексеріп, үйлеріне жіберді.

null  

Бұған қоса, осы демалыс күндері ТЖ қызметі үш рет апатты-құтқару операциясына барды. Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қарақожа ауылындағы ана мен баласын құтқарды. Бір жарым жасар қыздың температурасы жоғарылап, аппендицит болуы мүмкін деген күдік туды. ӨАЖҚЖ құтқарушылары ана мен баланы, сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж екі адамды жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар