Шығыс Қазақстанда екі күнге созылған орман өрті сөндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласының жанындағы қарағайлы орман өрті таңғы жетілер шамасында ауыздықталды. Бұл жайлы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалын 260 гектар орманды шарпыған. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.

Өртті сөндіруге «Семей орманы» МОТР мемлекеттік мекемесінің 158 қызметкері мен 41 техникасы, жергілікті атқару органдарының 5 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы қарағай орманы өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар