+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда демалыс күндері 11 өрт оқиғасы тіркелді

2021 жылғы 28 қыркүйек 00:04
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда демалыс күндері 11 өрт оқиғасы тіркелді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында демалыс күндері 11 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскемен тұрғынының 8 млн теңгесін алдап алған «риэлтор» ұсталды Қазақстанда өрт көбіне неден шығады ШҚО-да 3 монша кешенінде жезөкшелер притоны жұмыс істеген

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25-26 қыркүйек күндері тұрғын үй секторында 11 рет өрт шықты. Оның ішінде 5 жер үйді және 6 шаруашылық қора-жайды қызыл жалын шарпыған.

Пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан – 5, отты абайсыз қолданудан – 4, электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану барысында қауіпсіздік ережелерін бұзудан – 2 өрт болды. Тілсіз жау Өскемен, Семей қалаларында, Глубокое, Көкпекті, Күршім, Ұлан және Шемонаиха аудандарында тіркелген.

«Ең ірі өрт – Ұлан ауданында шыққан. Жер үйдегі жалынның жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер отты толықтай ауыздықтады. Өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT