Шығыс Қазақстанда дауыл 11 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 30 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысында 17.30-да басталған секундына 20-29 метрге жететін дүлей жел 11 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті. Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа  ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Желден едәуір қатты зардап шеккен ғимараттар Аягөз және Жарма аудандарында орналасқан.

Аягөз ауданының Аягөз қаласындағы көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясының жұлынған шатырының аумағы 450 шаршы метрді құрады, ал №10 қазақ мектеп-гимназиясы ғимаратының  78 шаршы метрін ұшырып әкеткен.

Аягөз ауданының Мамырсу ауылында С.Ғаббасов атындағы орта мектептің ғимаратының 120 шаршы метрін, сондай-ақ, Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы Жарма аудандық аумақтық инспекциясының ғимаратының шатырының 180 шаршы метр аумағын жұлып әкеткен.

Ал Жарма ауданының Шар қаласында «Балауса» балабақшасы ғимаратының шатырының 450 шаршы метр аумағы қирады.

Аталмыш орындарда жергілікті атқарушы органдардың комиссиялары жұмыс жасауда. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ. 
null null null null 

Соңғы жаңалықтар