Шығыс Қазақстанда дарынды балалар марапатталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дарынды балалар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде дарынды оқушылар форумы өтті. ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова дарынды балаларды аймақ басшысының атынан мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды Балалар жылы деп жариялағаны белгілі. Әртүрлі конкурстар мен жарыстарда Шығыс Қазақстан облысының балалары жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Биылғы оқу жылының өзінде олар халықаралық және республикалық байқауларда 208 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 60 алтын, 66 күміс, 82 қола медаль бар», - деді ол.

Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада республикалық және өңірлік олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатқа ие болды.

Оқуда, шығармашылықта және спортта жоғары жетістік көрсеткен дарынды балаларға да құрмет көрсетілді.

«Бүгінгі форумның мақсаты – балаларымызды ынталандыру. Барлық бала облыс әкімінің атынан ақшалай және бағалы сыйлық алды. Мұндай байқаулар балалардың одан сайын дами түсуіне жол ашады», - деді Сайрангүл Жұмаділова.

Айта кетейік, форумға облыстың 100-ден астам оқушысы қатысты.


Соңғы жаңалықтар