Шығыс Қазақстанда дала өрті 50 гектар аумақты шарпыды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Кеше Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Дмитриевка ауылдық округінде шөп өртеніп, тілсіз жау 50 гектар аумаққа жайылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына бірден №21 өрт сөндіру бөлімі аттанған. Қызыл жалынды сөндіруге жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен сол маңайдағы шаруа қожалықтардың жұмысшылары да көмек көрсетті. Тілсіз жауды сөндіруге жалпы саны 5 техника мен 14 адам жұмылдырылған.
«Өңірдегі ыстық әрі құрғақ ауа райы даладағы өрт қаупін арттырып отыр. Осы ретте аймақ халқын өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Себебі темекі тұқылы, сіріңке, дұрыс жанбаған қоқыс дала шөбі орманның отқа орануына әкеліп соғуы әбден мүмкін», - делінген ведомство мәліметінде.
Айта кетейік, өрт шыққан жағдайда тұрғындар бірден «101» нөміріне дереу қоңырау шалғаны абзал.
- Англиядағы су тасқыны: Екі мыңнан астам үйдің тұрғындары эвакуацияланды
- ОАР-да медициналық тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты
- Балқашта жол апатынан екі адам қаза тапты
- Таразда түрмеге жолданған тіс жуатын пастаның ішінен гашиш табылды
-
Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Перинаталдық орталық дәрігерлері жұмыстан кетіп жатқаны туралы ақпарат — жалған
-
Алматының бірнеше шағын ауданында суық су болмайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам