Шығыс Қазақстанда бұлан атқан екі адам ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында екі ер адам бұлан атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Риддер қаласының прокуратурасы және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлескен рейд барысында заңсыз аңға шығу фактісі анықталды.

Браконьерлікпен айналысқан Риддер қаласының екі тұрғыны болып шықты.

«Екеуі бұланның өлексесін сойып жатқан жерінен ұсталған. Қазіргі уақытта оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, атыс қаруын қолдана отырып заңсыз аң аулағандар 3000 АЕК-ке дейін айыппұл төлеуге немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тартылуы және 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар