Шығыс Қазақстанда Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткел жабылды

2023 жылғы 30 қаңтар, 14:48
Шығыс Қазақстанда Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткел жабылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы мұз өткел жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданындағы Қызыл ту өткелінде көлік қозғалысына тыйым салынды.

«Бұқтырма су қоймасындағы мұз өткеліне тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде мұзда жарықтар бары анықталды. Сондықтан өткел көліктің барлық түрлері үшін жабылды. Енді Өскеменге бару немесе қаладан қайту үшін «Үлкен Нарын-Алтай» тасжолы және Зайсан қаласы арқылы жүру керек», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, 11 қаңтар күні Күршім ауданындағы Қызыл ту өткелінде трактор мұз астына құлап кеткені хабарланған.


Фото: instagram.com/eastkazpolice

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar