Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.43 eur/kzt 501.04

    rub/kzt 6.65 cny/kzt 67.89
Ауа райы:
Астана-13-15℃
  Jańalyqtar  >

Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жабылған екі жол ашылды

2022 жылғы 26 қараша, 10:31

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жабылған екі жол ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде осыған дейін жабық болған екі жол қайта ашылды.

«Облыстық маңызы бар «Алтай Альпісі–Северное ауылы» тасжолының 38-60 шақырымы және республикалық маңыздағы «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-123 шақырымы (Глубокое ауылы мен Шемонаиха қаласының аралығы) көлік құралдарының барлық түрі үшін ашылды», - делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, Шығыс Қазақстанда 3 жол әлі жабық тұр. Атап айтқанда, Өскемен қаласы мен Новотроицкое ауылының аралығы, Шемонаиха қаласы мен Үлкен өзен ауылының аралығы, Тайынты ауылынан Самар ауылына кіреберіс жол.

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары