Шығыс Қазақстанда биыл тұмауға шалдыққандар былтырғыдан әлдеқайда ерте тіркелді

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы күзде тұмауға шалдыққандар былтырғыға қарағанда 22 күн бұрын тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандар саны артып келеді. Қазіргі уақытта бұл инфекциямен 18 232 адам ауырды.

Сондай-ақ биылғы күзде тұмау жұқтыру фактісі былтырғыдан әлдеқайда ерте, нақты айтқанда 22 күн бұрын тіркелді.

Бұған осы күздегі ауа райының салқындығы және COVID-19-ға қарсы шектеу шараларының алынғандығы себеп болып отыр. Барлығы 24 шығысқазақстандық тұмаумен ауырған.

«Тұмауға шалдыққандар арасында 4 жасқа дейінгі сәбиден бастап, 65 жастан асқан қартқа дейінгі әртүрлі жастағы адам бар. Статистика бойынша қалалар мен аудандар арасында Өскемен ең алдыңғы қатарда. Онда 19 адам тұмаумен ауырған. Қазір барлық науқас сауығып кетті. Тұмаудан өлім-жітім тіркелмеді, ауруханаға жатқызылғандар жоқ», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар