+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Шығыс Қазақстанда биыл суға кеткендер саны 9 пайызға артқан

2021 жылғы 15 қыркүйек 01:50
Бөлісіңіз:
Шығыс Қазақстанда биыл суға кеткендер саны 9 пайызға артқан

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биылғы шомылу маусымында суға батқандар саны өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 30 келі балықты заңсыз тасымалдаған ер адам жауапқа тартылды Өскеменде жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар саны күрт өсті ШҚО-да өрт сөндіру көлігіне жол бермеген 10-ға жуық жүргізушіге айыппұл салынды

Бұл жайлы бүгін онлайн форматта өткен баспасөз мәслихаты барысында шомылу маусымын қорытындылаған облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Руслан Орынбеков мәлімдеді.

«Өңір аумағында 2254 су қоймасы бар. Шомылу маусымы басталғалы бері 36 адам, оның ішінде 10 бала суға кеткен. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға артық. Сонымен қатар департамент қызметкерлері батып бара жатқан 23 адамды құтқарып қалды. Оның ішінде 6 бала бар», - деді ол.

Облыс бойынша 79 демалыс базасы және 14 балалар лагері жағалауда орналасқан. Олардың әрқайсысында су түбі тексеріліп, 112 құтқарушы жасақ арнайы дайындықтан өтті. Бұдан бөлек, 48 құтқару бекеті құрылған.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен шомылуға тыйым салынған жалпы саны 64 учаске анықталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT