Шығыс Қазақстанда биыл мал ұрлығы 7 пайызға азайды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері мал ұрлығы 7 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында «Барымта» жедел алдын алу шарасын жүргізді. Соның барысында 500-ге жуық полицей және ветеринариялық бақылау қызметінің 42 маманы жұмылдырылған.

«Үш күн ішінде бұрын жасалған 5 мал ұрлығы анықталды. Арнайы тұраққа бей-берекет жайылған 600-ден астам мал қамалды. Сондай-ақ жоғалып кеткен 32 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды», - делінген ақпаратта.

Тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдаған және сатқан 22 адам ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес жауапқа тартылды. Жалпы жыл басынан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде облыста мал ұрлығы 7%-ға азайып отыр.


Соңғы жаңалықтар